Эко-серіктестік іске аспақ: Орталық Азияның жаңа ғылыми көпірі










































Astana International University Өзбекстандағы бірегей оқу орны — Орталық Азияның қоршаған орта және климаттың өзгеруін зерттеу университетімен (Green University) ресми түрде ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл меморандум университетіміздің тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы стратегиялық трансформация жолында маңызды қадам болмақ.
Екі ел арасындағы серіктестік AIU үшін академиялық және ғылыми тұрғыдан толағай мүмкіндіктерге жол ашады. Green University-мен бірлескен жұмыс халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жандандырып, студенттер мен оқытушыларға әлемдік озық білім беру ресурстары мен тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өзбекстандық серіктесіміздің халықаралық байланыстар желісінің арқасында біздің білім алушылар бірлескен жобаларға, тағылымдамаларға қатысып, жетекші эколог-ғалымдармен және климаттық саясат сарапшыларымен тәжірибе алмаса алады.
Меморандум AIU-дың ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуда ерекше рөл атқарады. Green University құрылымындағы мамандандырылған зертханалар мен ғылыми-зерттеу институттарында бірлескен жұмыс біздің докторанттарымыз бен жас ғалымдарымызды даярлау сапасын жаңа деңгейге көтермек. Негізгі назарымызды еліміз үшін өзекті боп келе жатқан климаттың өзгеруіне бейімделу, биологиялық алуантүрлілікті қорғау, табиғи ресурстарды тиімді басқару және «жасыл» технологияларды дамыту бағыттарына аударамыз.
Екі елдің ғылыми тәжірибесін ұштастыру AIU-ға экология, экономика және мемлекеттік басқару тоғысуында пәнаралық білімді игерген жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея
















