AIU студенттері география бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды












Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «В014 – География
мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІII Республикалық пәндік
олимпиада өтті, оған Қазақстанның 20 жетекші жоғары оқу орындарынан студенттер
қатысты.
Олимпиаданың мақсаты — студенттердің теориялық және практикалық білім
деңгейін анықтап, кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ география пәні мұғалімдерін
даярлау сапасын арттыру болды. Биылғы олимпиадада Астана халықаралық
университетінің студенттері жақсы нәтижелер көрсетті.
Педагогика ғылымының магситрі, аға оқытушы Галымбек Турсынулы
Байгукиннің жетекшілігімен 4 және 1 курс студентері Рахматали Нұрислам Мұратұлы
және Оразбеков Нұркелді Ерболұлы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Оразбеков Нұркелді Ерболұлы жеке есепте III орын иеленіп, III дәрежелі
дипломмен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер сертификаттармен
марапатталды, ал жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Студенттеріміз бен жетекшісін олимпиададағы сәтті нәтижелерімен құттықтаймыз
және болашақтағы жеңістерін тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея






