THE PERSON: Марк Царенко. 19 жаста Google-дан қалай грант ұтып, білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізуге болады?
























Небәрі 19 жасар Павлодарлық жігіт қатарластары студенттік өмірге енді бейімделіп жатқанда, ол өзінің өршіл EdTech-жобасын құруға әлдеқашан кіріскен. Raava платформасының негізін қалаушы, Astana International University-дің 1-курс студенті Марк Царенко эксклюзивті сұхбатында репетиторды жасанды интеллектпен қалай алмастыруға болады, Google грантын қалай жеңіп алғаны туралы және «бірінші курс студенті» мәртебесі жаһандық нарыққа шығу үшін неліктен ең қолайлы уақыт екені туралы толығымен айтып берді.
Minecraft-тан өнім архитекторына дейінгі жол
Бәрі бизнес-жоспардан емес, технологияға деген ішкі қызығушылықтан басталды. Бес жасында пернетақтамен алғаш танысып, он екі жасында ойын әлеміне толықтай енген. Бірақ басқалар ойынды жай ғана тұтынса, Марк оның логикасын іздеумен болдыі. «Мен Minecraft немесе Fortnite-ты жай ойнаған жоқпын, мен: Бұл несімен қызықтырады? Қалай жасалған? — деп сараладым», — дейді ол.
Бұл жол оңай болмағаны сөзсіз. Unity-де ойын жасап және C# тілінде бағдарламалаудан бастап, ол 3D-модельдеу, моушн-дизайн және UI/UX-ке дейін барды. Оған мұндай сәттер уақытта текке кетірумен тең болған. Бірақ бүгінгінің нәтижесі: дәл осы әртүрлі саладағы тәжірибе оған өнімді толықтай бүге-шігесіне дейін жасап шығаруға мүмкіндік берді — серверлік кодтан бастап интерфейстегі әрбір батырмаға дейін. «Алтын белгі», American Corner-дегі волонтерлік жылдар және ондаған сәтсіз стартап бастамалары оған өзінідк іргетасын салуға септігін тигізді. Марк IELTS пен SAT-қа дайындаламын деп қиындықтарға тап болған кезде ғана бұл плтаформаға білек сыбана кіріскен.
Миллион баллдық мәселе
— Көптеген студенттер емтиханның қиындығына шағымданады, ал сен соны платформаға айналдыруды ұйғардың. Өзің дайындалған кезде саған қандай методика жетіспеді?
— Өз бетімше дайындалғанда мен бір кедергіге тірелдім. Writing пен Speaking бөлімдерін жақсарту үшін сарапшы керек. Бірақ репетитор — қымбат әрі баяу. Мен күніне үш эссе жазатынмын, ал оның жауабын үш күн күтетінмін. Бұл дамуды тежейді. Қолданыстағы қосымшалар не «құрғақ» баға беретін, не жай ғана дұрыс жауапты көрсететін. Ешкім неге Band 7 емес, Band 6 алғаныңды түсіндірмейтін. Бізге тәулік бойы жұмыс істейтін, лезде әрі шынайы талдау жасайтын көмекші керек еді. Осылайша Raava пайда болды — бұл жай ғана тексеру емес, үйретері көп AI-ментор.
— Қазір бәрі ChatGPT жаппай қолданады. Ол бұл тапсырманы орындай алмай ма?
— ChatGPT — бұл «ақылды дос», бірақ ол емтихан алушы емес. Ол IELTS-тің ресми критерийлерін білмейді, баллды кездейсоқ қояды, ал жазған мәтіні кәдімгі робот жазғандай олқылықтары бетер. Raava болса ресми бағалау жүйелеріне: Task Achievement, Coherence, Lexical Resource негізінде оқытылған. Сіз лайықты балл алып, қатені қалай түзету керектігі туралы нақты мысал аласыз. Бірақ басты ерекшелігіміз бұл емес. Біз Duolingo сияқты жеке оқу жоспарын құрдық. Raava сіздің әлсіз тұстарыңызды көріп, дәл сізге арналған дайындық жоспарын ұсынады.
«Суық» нетворкинг және 50 елді бағындыру
Raava-ның жетістігі қымбат маркетингтің нәтижесі емес. Керісінше, алғашқы 150 белсенді пайдаланушы мен Stipendium Hungaricum тарапынан қызығушылық қарапайым networking арқылы келген.
«Біз дайын шаблондарды таратқан жоқпыз. Біз IELTS-ке дайындалатын аудиториясы бар нақты адамдарды іздедік: стипендия үйлестірушілері, орталық басшылары. Біз оларға өнімді сатуды емес, студенттеріне пайдалы дүниені ұсындық. Нәтижесінде бета-тест кезеңінде-ақ пайдаланушылар географиясы 50 елге дейін кеңейді», — дейді Марк.
— Жақында жоба Google-дан 2300 доллар көлемінде грант алды. Бұл қаражат неге жұмсалады?
— Бұл ең алдымен инфрақұрылым. Speaking пен Writing-ті нақты уақытта өңдейтін тілдік модельдердің API-сұраныстары масштабтау кезінде үлкен шығынды талап етеді. Бұл грант бізге өнімді дамытуға және пайдаланушылар үшін бағаны өсірмей, сапаны арттыруға мүмкіндік береді.
Көзқарас пен питчинг
19 жаста жоба бастау — бұл өзгеше сынақ. Марктың айтуынша, ең қиыны — инвесторлар сені жай ғана «әуреленіп жүрген бірінші курс студенті» ретінде көретіні. Сол үшін де таныстық барысында алғашқы 30 секундпен қайсарлана күресу керек.
«Мен жасымды айтпауды үйрендім. "Мен жас кәсіпкермін" деген сөз жоқ. Тек фактілер: өнім дайын, 150+ пайдаланушы, 50+ ел. Сандарды сөйлеткенде әңгіме өзгереді. Ең қиыны питч емес, саған "бір жылдан кейін өскенде кел" деп ақыл айтқанда өз-өзіңе деген сенімділікті жоғалтапу. Мен күтіп тұрмаймын, мен әрекет етемін».
Жаһандық мақсат: жаңа өмірге жолдама
IELTS пен SAT нарығы жылына 5 миллионнан астам адамды қабылдайтын өзекті нарық. Қазақстан, Өзбекстан, Нигерия немесе Пәкістан тұрғындары үшін бұл емтихан — жаңа өмірге жолдама, әлемдік деңгейде білім алу мүмкіндігі.
— Алдағы бір жылға қандай өршіл жоспарларың бар?
— Біз екі нәрсеге баса назар аударамыз. Бірінші фокус — апта сайын біздің платформаны қолданатын 10 000 белсенді пайдаланушы. Екіншісі — бес негізгі елдегі оқу орталықтарымен және шетелде оқу агенттіктерімен стратегиялық серіктестік орнату. Біз емтиханға дайындық деген қарапайым таңертең телефон тексеру сияқты әдетке айналғанын және сапалы білімнің әркімге қолжетімді болғанын қалаймыз.
— Қазір қойын дәптеріне өзінің жобасын сызып, бірақ бастауға қорқатын жастарға не айтар едің?
— Керемет сәтті немесе университетті аяқтауды күтіп жүрмеңіз. Raava менің өз қиындығымнан туындады. Егер сіз мәселені іштен сезінсеңіз — сізде артықшылық бар. Бес адамға арналған алғашқы нұсқаны жасап көріңіз. Егер ол мәселені шешсе — оны дамытуға болады. Пернетақтадағы алғашқы батырманы басқан сәттен бері он төрт жыл өтті. Мен AIU-дың бірінші курс студентімін және тоқтау ойымда жоқ.
Бөлісу:
Фотогалерея










