ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ AIU ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

2024 ж. 28 нау., бс, 05:29

11 наурызда Еуропалық Одақтың Елшісі Кестутис Янкаускас Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттеріне «Орталық Азияның геосаясаты: басымдықтар мен перспективалар» тақырыбында дәріс оқыды. Елші өз тәжірибесімен және бақылауларымен бөлісті. Студенттер талқылауға белсене қатысып, өзекті сұрақтар қойды. Ең қызықты сұрақтары мен үлкен белсенділігі үшін студенттерге ЕО елшілігінің сыйлықтары табыс етілді.


427