AIU-да «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы қатысуымен дөңгелек үстел өтті

2024 ж. 27 нау., ср, 10:22

Astana International University Құқық жоғары мектебі «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігімен «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау органдарына сенімін нығайту стратегиясы: заман талабын кешенді түрде шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстел жұмысына «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Семгалиев Мэлс Зайнуллинұлы, Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Мамраев Бейбіт Баймағанбетұлы қатысты.

AIU тарабынан халықаралық ынтымақтастық және студенттер ісі жөніндегі вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Әбдірахманов, з.ғ.д., профессор Марат Амрадинұлы Аленов, з.ғ.к., профессор Иманбаев Серік Марденұлы, әділет аға кеңесшісі, з.ғ.к., профессор Разия Нұрпейісқызы Ақпарова, құқық жоғары мектебінің 3-курс студенті Москаль Сергей Иванович және т. б. болды.

Дөңгелек үстелде жастар мен азаматтық қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына тарту; жастар мен жалпы қоғамның санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру процестерінің қайтымсыздығын бекіту; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар әзірленді.

− облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының прокуратуралары жанынан құқық қорғау органдарының жоғары тұрған басшыларына айтылған пікірлерді жеткізе отырып, жұртшылықпен жұмыс жөніндегі орталықтар құру;

− құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл және өз қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарын тарту жөніндегі жұмысын жандандыру;

− облыстық және республикалық радио және теледидар арналарында халықты, оның ішінде жастарды құқықтық жалпыға бірдей оқыту, жаңа заңнаманы және құқық қорғау органдары жұмысының қорытындыларын жариялау жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру;



514