Конференция 25.08.2026

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
Сипаттамасы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,
БАКУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
(ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ); ЖҮСІП БАЛАСАҒЫН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
(ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ); МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (РЕСЕЙ
ФЕДЕРАЦИЯСЫ).
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК
КОНФЕРЕНЦИЯ
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР»
Қазақстан Республикасындағы
деонтология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Кертаева Калиябану Махметқызының
80 жылдық мерейтойына арналған.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Астана халықаралық
университеті серіктес жоғары оқу орындары - Баку мемлекеттік университетімен, Ж.
Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен, Мәскеу мемлекеттік
педагогикалық университетімен бірлесіп, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы деонтология ғылыми мектебінің
негізін қалаушы Кертаева Қалиябану Махметқызының 80 жылдық мерейтойына арналған
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН
БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға
қатысуға шақырады. Профессор К.М. Кертаеваның ғылыми еңбектері педагогикалық
этиканы түсінудің әдіснамалық негізін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
Конференцияның мақсаты: педагогтің кәсіби парызын қазіргі заман
талаптары тұрғысынан қайта пайымдау мәселелері бойынша пәнаралық ғылыми
пікірталас алаңын қалыптастыру, сондай-ақ профессор Кертаева Калиябану
Махметқызының гуманистік ғылыми мұрасын қазіргі білім беру жүйесінің өзекті
сын-қатерлері контексінде жүйелеу және одан әрі дамыту.
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына
жоғары оқу орындарының басшыларын, профессор-оқытушылар құрамын, студенттерді,
магистранттар мен докторанттарды қатысуға шақырамыз.
Өтетін күні – 04 қыркүйек
2026 жыл
Өтетін орны - Астана Халықаралық
университетінің акт залы, №6 ғимарат (Астана қ., Жиембет Жырау көшесі, 2)
Конференцияның басталу
уақыты – сағат
10.00
Конференцияға тіркелу – сағат 9.00
Конференцияға қатысу
форматы - офлайн/онлайн
Конференцияға қатысу форматы
- қатысушы/тыңдаушы
Конференция жұмысының
тілдері - қазақ/орыс/ағылшын
Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы жарыққа
шығарылады. Жинаққа тиісті кітапханалық
индекстер — ӘОЖ және ББК, сондай-ақ баспа кітап
индексі ISBN беріледі. Конференцияға қатысу
нәтижесінде әрбір автор конференцияға қатысқанын растайтын бекітілген үлгідегі
атаулы сертификат және конференция мақалаларының PDF форматындағы электрондық
жинағын алады. Жинақ Астана Халықаралық университетінің сайтында жарияланады https://www.aiu.kz/ru/science/conf.
Конференцияға қатысу үшін
материалдарды 2026 жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде келесі электрондық
мекенжайларға (e-mail) ұсыну қажет:
бір хатпен, жеке
файлдармен:
1) үлгі бойынша ресімделген
өтінім (1-қосымша);
2) талаптарға және үлгіге
сәйкес ресімделген мақала (2-қосымша);
3) ұйымдастыру жарнасын
төлеу туралы түбіртектің көшірмесі (төлем кезінде «Конференция» көрсетілуі
қажет)
Жіберу кезінде мақаласы бар файлдың атауында бірінші автордың тегі
көрсетілуі керек (мысалы: өтінім - Иванов Д.А., мақала - Иванов Д.А., түбіртек -
Иванов Д.А.).
Конференцияға қатысқаны және материалдар жинағында мақала жариялағаны үшін ұйымдастырушылық
жарна 4000 теңгені (төрт мың теңге) құрайды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:
1. Абылайхан
Салтанат Мұратханқызы, Астана халықаралық университеті, «Педагогика және
психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, тел.:
+77012271592.
2. Кударова Назгуль Абильбековна, Астана халықаралық университеті, «Педагогика
және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, тел.: 87077056703.
3. Есиргепова Венера Жумабековна, Астана халықаралық университеті, «Педагогика
және психология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., тел.: – 87054626242.
4. Исатаева Бакыткуль Бакитовна
– Астана халықаралық университеті, «Педагогика және психология» кафедрасының
аға оқытушысы, п.ғ.м., тел.: – 87058383030
5. Ырымбаева Нургуль
Алдажарқызы - Астана халықаралық
университеті, «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., тел.: – 87078555447
6. Ермекова Молдир
Алтынбековна – Астана халықаралық университеті, «Педагогика және психология»
кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., тел.: – 87010381808
7. Нигметжанова Гульназым
Кудайбергеновна – Астана халықаралық университеті, «Педагогика және психология»
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., тел.:– 87714360382 (төлем жайында сұрақтар бойынша).
КОНФЕРЕНЦИЯҒА
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Мақаланы
рәсімдеуге қойылатын талаптар
-
Мақала мәтіні
doc форматында (Microsoft Word 2003–2007) ұсынылуы тиіс. Қағаз форматы – А4
(297 × 210 мм). Жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ
– 3 см. Электрондық нұсқада беттер нөмірленбейді. Қаріп – Times New Roman,
негізгі мәтін үшін – 14 pt, ал аннотация мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі
үшін – 12 pt. Мәтін тасымалсыз, ені бойынша тураланып форматталуы қажет,
абзацтың бірінші жолының шегінісі – 1,25 см. Жоларалық интервал – бірлік.
Мақала мәтінінде автоматты нөмірлеу қолданылмауы тиіс;
-
Мақаланың
басында, оның бағытына сәйкес, әмбебап ондық жіктеу индексінің (ӘОЖ) коды сол
жақ жоғарғы бұрышта көрсетіледі (12 pt, қарапайым қаріп);
-
Бір жол тастап
(Enter), ортасына мақала тақырыбы бас әріптермен, қалың қаріппен жазылады (12
pt, бас әріптермен, қалың);
-
Тақырыптан
кейін бір жол тастап (Enter), оң жақ шетке автордың тегі, аты, әкесінің аты,
ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс (оқу) орны, қала, ел көрсетіледі. Егер
ұйым атауында қала нақты көрсетілмесе, ұйым атауынан кейін үтір арқылы қала
жазылады, ал шетелдік ұйымдар үшін – қала және ел көрсетіледі. Егер мақала
бірнеше автордың қатысуымен дайындалса, олардың мәліметтері мақалаға қосқан
үлесінің маңыздылығына қарай ретімен беріледі (авторлар саны 3-тен аспауы
тиіс);
-
Автор туралы
мәліметтерден кейін бір жол тастап (Enter), үш тілде аннотация беріледі (қазақ,
орыс және ағылшын тілдерінде): алғашқысы – мақаланың жазылған тілінде (3–5
сөйлем) және кілт сөздер (3–5 сөз) (10 pt, курсив, қарапайым қаріп);
-
Мақала көлемі
кемінде 3 бет және ең көбі 5 бет болуы тиіс;
-
Мақаланы
дайындау барысында пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі мақаланың соңында
бір жол тастап (Enter) орналастырылады, дереккөздер саны 10-нан аспауы тиіс (12
pt). Әдебиеттер тізімі мәтінде келтірілу реті бойынша беріледі. Мәтін ішіндегі
сілтемелер квадрат жақшада көрсетіледі, мысалы – [1].
«Жалпы талаптар және рәсімдеу ережелері»
-
Кестелерді рәсімдеу. Әрбір кесте нөмірленуі және атауы болуы тиіс. Кесте
нөмірі мен атауы кестенің үстінде сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірлеу
«Кесте 1» («Таблица 1», «Table 1») түрінде беріледі, қаріп стилі – курсив.
Кесте атауы нөмірден кейін сызықша арқылы жазылады;
-
Графикалық
материалдарды рәсімдеу. Графикалық
материалдарда сканерлеуді қолданбай, «Microsoft Graph» немесе «Excel»
бағдарламалары арқылы дайындалуы тиіс. Графикалық объектілер сурет немесе
топтастырылған объектілер түрінде берілуі қажет. Графикалық объектілер бет
жиектерінен шықпауы және бір беттен аспауы тиіс;
-
Объектілерді нөмірлеу. Әрбір объект нөмірленуі және атауы болуы керек.
Объект нөмірі мен атауы объектінің астында сол жақ шетке орналастырылады.
Нөмірлеу «Сурет 1» («Рисунок 1», «Picture 1») түрінде рәсімделеді;
-
Формулаларды рәсімдеу. Математикалық формулалар «Microsoft Equation»
формулалар редакторы арқылы рәсімделеді. Формулалардың нөмірлері оң жақта жақша
ішінде көрсетіледі. Формулалар саны көп болған жағдайда әр бөлім бойынша жеке
нөмірлеу ұсынылады.
Мақалалар рецензияланбайды, ұсынылған мақалалардың
мазмұны мен заңсыз өзге еңбектерді пайдалану (плагиат) үшін жауапкершілік
авторларға жүктеледі.
Ескертпе. Мақалалар тек
өтінім болған жағдайда ғана қабылданады.
Қосымша 1
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІМІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ӨТІНІМ
|
Автордың тегі, аты, әкесінің аты (толық көрсетілуі
тиіс) |
|
|
Мемлекет, область,
қала, жұмыс орны |
|
|
Ғылыми дәрежесі /
атағы |
|
|
Лауазымы |
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
E-mail (қолданыстағы) |
|
|
Қосалқы авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (толық
көрсетілуі тиіс) |
|
|
Мемлекет, область,
қала, жұмыс орны |
|
|
Ғылыми дәрежесі /
атағы |
|
|
Лауазымы |
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
E-mail (қолданыстағы) |
|
|
Мақаланың атауы |
|
|
Қатысу формасы (офлайн/онлайн) |
|
Қосымша 2
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ӘОЖ 711.7 (өз ӘОЖ көрсетіледі)
ҚАЗІРГІ ДИДАКТИКА МАЗМҰНЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР
ЖӘНЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮРДІСІНДЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Иманова А.Ж.
педагогика ғылымдарының магистрі,
педагогика кафедрасының оқытушысы
Астана халықаралық университеті,
Астана қ., Қазақстан
Аңдатпа: мақалада
қазіргі дидактиканың мазмұнындағы негізгі қайшылықтар және олардың болашақ
мұғалімдерді даярлау процесіне әсері қарастырылады. Қарама-қайшылықтар
талданды, сонымен қатар болашақ мұғалімдерді даярлау процесінде анықталған
қайшылықтарды шешу жолдары ұсынылды.
Түйінді сөздер: дидактика, қайшылықтар, мұғалімдерді даярлау, теория мен практиканы
интеграциялау, оқытуды жекелендіру, инновациялық тәсілдер, ресми және бейресми
оқыту, рефлексиялық дағдылар.
Аннотация: В статье
рассматриваются ключевые противоречия, существующие в содержании современной
дидактики, и их влияние на процесс подготовки будущих учителей.
Проанализированы противоречия, а также
предлагаются пути разрешения выявленных противоречий в процессе
подготовки будущих учителе
Ключевые
слова:
дидактика, противоречия, подготовка учителей, интеграция теории и практики,
персонализация обучения, инновационные подходы, формальное и неформальное
обучение, рефлексивные навыки
Abstract: The article examines the key
contradictions that exist in the content of modern didactics and their impact
on the process of training future teachers. The contradictions are analyzed and
ways to resolve the identified contradictions in the process of training future
teachers are proposed.
Key words: didactics, contradictions, teacher training, integration of theory and
practice, personalization of learning, innovative approaches, formal and
informal learning, reflective skills.
Мақала мәтіні Мақала мәтіні
Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні [1].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.Э.Пфейфер, Е.Жуматаева, Е.И.Бурдина. Основы современной дидактики. Павлодар, 2006. 315 с.
2.Н.Е.Бекетова.
Проблемы дидактики высшей школы: усложнения на всех уровнях при обучении
будущих менеджеров // Научно-методический электронный
журнал «Концепт». – 2016. – Т. 37. – С. 13–17. – URL:
http://e-koncept.ru/2016/56779.htm.
3. Григорьева Е.
В., Бабаева А. А. Противоречия в процессе обучения и методы их решения //
Проблемы современного педагогического образования. 2023. №79-1. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/protivorechiya-v-protsesse-obucheniya-i-metody-ih-resheniya.
4.Мирзагитова А.Л.
Дидактика в условиях современного образовательного процесса // Современные
проблемы науки и образования.-2016.-№ 6
Қосымша 3
ТӨЛЕМ БОЙЫНША
РЕКВИЗИТТЕР
Товарищество с ограниченной ответственностью
«Международный университет Астана»
Адрес: г.Астана, ул.Кабанбай батыра, 8
ИИН (БИН): 180440034965
ИИК: KZ1794805KZT22035807 (KZT)
БИК: EURIKZKA
АО «Евразийский банк»
Кбе 17
КНП 859 – услуги
(конференция)
Ректор – Мырзагалиева Анар
Базаровна
