Конференция 26.11.2026

«ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ»
Сипаттамасы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ASTANA INTERNATIONAL
UNIVERSITY (Қазақстан, Астана)
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ (Қазақстан, Шымкент)
БАКУ СЛАВЯН УНИВЕРСИТЕТІ (Әзербайжан, Баку)
ТЕРМЕЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ (Өзбекстан, Термез)
2026 жылғы 26–27
қарашада Астана қаласында (Қазақстан) өтетін
«ЦИФРЛЫҚ
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ»
атты Халықаралық ғылыми
веб-конференцияның жұмысына қатысуға шақырады
010000, Қазақстан, Астана
қ-сы, Қабанбай батыр даңғылы, 8
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті
әріптестер!
«Цифрлық
трансформациялар әлеміндегі филология» атты Халықаралық веб-конференцияға
мектеп басшыларын, педагогтерді, әдіскерлерді, колледждер мен жоғары оқу
орындарының профессор-оқытушылар құрамын, студенттерді, магистранттар мен
докторанттарды қатысуға шақырамыз.
Конференцияның
мақсаты – цифрлық
дәуірдегі филологияның дамуындағы заманауи үрдістер мен перспективаларды
талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң қалыптастыру, сондай-ақ
лингвистика, әдебиеттану, тілдік білім беру және гуманитарлық зерттеулерде
инновациялық технологияларды қолдану салаларындағы ғылыми зерттеулер мен
практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Конференция
жұмысының негізгі бағыттары:
- Интернет кеңістігіндегі түркі тілдерінің қызметі:
білім беру және коммуникация.
- Филологияны зерттеу мен оқытудағы жасанды
интеллект және цифрлық технологиялар.
- Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудағы
цифрлық білім беру ресурстары.
- Педагог және заманауи білім беру мультимедиялық
ресурстары.
Конференция
аясында «Онлайн форматтағы филология: инновациялық қызметтің жаңа
бағдарлары» тақырыбында қатысушылардың шеберлік сыныптары (мастер-кластары) келесі
бағыттар бойынша өткізіледі:
- Педагог және заманауи білім беру мультимедиялық
ресурстары.
- Оқу мәдениетінің трансформациясы: цифрлық
ортадағы әдебиеттің өмір сүруінің жаңа формалары.
- Цифрлық лингвистика: цифрлық ортадағы тіл
трансформациясын зерттеу.
Конференция
қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, аралас (гибридті) форматта
өткізіледі. Конференция жұмысына онлайн қосылу сілтемелері 2026 жылғы 23
қарашада конференция бағдарламасымен бірге қатысушыларға жіберіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдары бойынша мақалалардың электрондық жинағы
шығарылады. Жарияланымның түпнұсқалығы – кемінде 70%. Конференция жұмысына
қатысу және материалдарды электрондық жинақта жариялау тегін негізде жүзеге
асырылады. Барлық қажетті материалдарды ұйымдастыру комитетіне «Тегі Тіркеу
нысаны», «Тегі Мақала» немесе «Тегі Бейнематериал» атауларымен бір электрондық
хатпен 2026 жылғы 20 қарашаны қоса алғанға дейін жіберулеріңізді
сұраймыз.
Электрондық жинақтың нұсқасы 2026 жылғы 20 желтоқсаннан бастап Astana
International University сайтының https://www.aiu.kz/ru/science/conf бетінде жүктеп алуға қолжетімді болады.
Тіркелу формасы (жарияланым тіліне сәйкес толтырылады)
|
Автордың Т.А.Ә. (толық
жазылуы) |
|
|
Жұмыс орны |
|
|
Ғылыми дәрежесі/атағы |
|
|
Лауазымы |
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
E-mail
(қолданыстағы) |
|
|
Конференция секциясының
атауы / Бейнеформаттағы
шеберлік сыныбы |
|
|
Мақаланың атауы / Бейнероликтің атауы |
|
|
Қатысу формасы (онлайн/оффлайн) |
|
Жариялауға
ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақала мәтіні doc форматында (Microsoft Word
2003–2007) ұсынылады. Парақ форматы – А4 (297×210 мм). Бет параметрлері: барлық
жиектері – 2 см, беттер нөмірленбейді. Қаріп: Times New Roman, кеглі – 14 pt,
аңдатпа, түйінді сөздер және әдебиеттер тізімі үшін – 12 pt. Мәтін ені бойынша
теңестіріліп, тасымалсыз рәсімделуі тиіс, абзацтық шегініс – 1,0 см. Жоларалық
интервал – 1. Көлемі – 5–7 бет.
Мақаланың атауы ортаға қарай орналастырылады (14 pt,
бас әріптермен, қою қара түс). Бір жол төмен, оң жақ шетте автордың
(авторлардың) тегі мен аты-жөнінің инициалдары (12 pt, қалыпты қаріп, қою қара
түс), жұмыс орны, елі, қаласы, e-mail (12 pt, қалыпты қаріп) көрсетіледі.
Келесі жолда жарияланым тілінде және ағылшын тілінде аңдатпа (100 сөзден
аспайды) мен түйінді сөздер (7 сөзден аспайды) беріледі (12 pt, курсив).
Тырнақшалар « » түрінде рәсімделеді. Келтірілген мысалдар курсивпен
ерекшеленеді. Пайдаланылған ақпарат көздерінің нөмірленген тізімі мақаланың
соңында (12 pt) сілтемелердің берілу ретімен орналастырылады. Дереккөздің
нөмірі мен беті шаршы жақшада көрсетіледі [1: 17].
Кестелер
мен графикалық материалдарды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар мен ережелер:
- кестелерді
рәсімдеу. Әрбір кесте нөмірленіп, атауы болуы тиіс. Кестенің нөмірі мен атауы
кестенің үстіне, сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірі «1-кесте» («Таблица 1»,
«Table 1») түрінде рәсімделеді, қаріп стилі – курсив. Кесте атауы сызықша
арқылы жазылады;
- графикалық
материалдарды рәсімдеу. Графикалық материалдар сканерлеуді қолданбай,
«Microsoft Graph» немесе «Excel» бағдарламаларының көмегімен дайындалуы тиіс.
Графикалық объектілер сурет немесе топтастырылған объектілер түрінде беріледі.
Графикалық объектілер бет жиектерінен шықпауы және бір беттен аспауы тиіс;
- әрбір
объект нөмірленіп, атауы болуы тиіс. Объектінің нөмірі мен атауы объектінің
астына, сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірі «1-сурет» («Рисунок 1», «Picture
1») түрінде рәсімделеді;
- формулаларды
рәсімдеу. Математикалық формулалар «Microsoft Equation» формула редакторы
арқылы рәсімделеді. Олардың нөмірі оң жақта жақша ішінде көрсетіледі.
Формулалар саны көп болған жағдайда, оларды әр бөлім бойынша жеке нөмірлеу
ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін
рәсімдеу ережелері:
Бір автордың кітабы:
Галичкина Е.Н. Компьютерлік
коммуникация: лингвистикалық мәртебесі, таңбалық құралдары, жанрлық кеңістігі:
монография. – Волгоград: Парадигма, 2012. – 322 б.
Екі немесе үш автордың кітабы:
Нуртазина М.Б., Кадеева М.И.
Қолданбалы мақсаттарда тілді сипаттаудың функционалдық қағидаттары: қазіргі
орыс тілі бойынша анықтамалық оқу құралы. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, 2015. – 236 б.
Конференция материалдар жинағындағы мақала:
Аубакирова Ж.С., Шәкәрім
С.Б., Жаныбекова Б.Н. Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы ойын және интерактивті
құралдар // «AIU – 2026: Жасанды интеллект және цифрлық трансформация жас
ғалымдар ғылымының даму векторы ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясының материалдар жинағы. - Астана: Astana International University,
2026. – 580-584 б.
Журналдағы мақала:
Шахметова Н.А., Смайлова Ж.А. Студенттердің жазба жұмыстарындағы
интермедиалдылық: генеративті интеллекттің көмекші әлеуетін зерттеу // TOU
хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2025. – № 4. – 202-219 б.
Войскунский
А.Е. Интернет метафоралары // Философия мәселелері. – 2001. – № 11. – 64-79 б.
Интернет көздері:
Бахтин М.М. Франсуа Рабле
шығармашылығы және орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірінің халықтық мәдениеті.
– 2-басылым. – М.: Көркем әдебиет, 2000. – 543 б. // [Электрондық ресурс]
Қолжетімділік режимі: http://www.philosophy.ruibrary/bahtin/rable.html.
Аударма басылымдар:
Блумфилд, Л. Тіл / Л.
Блумфилд; ағылшын тілінен аударған Е. С. Кубрякова және В. П. Мурат. – М.:
Прогресс, 1968. – 607 б.
Ұйымдастыру комитеті мақалаларды
кейіннен жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдар келіп
түскеннен кейін Ұйымдастыру комитеті 3 жұмыс күні ішінде автордың мекенжайына
олардың алынғанын растайтын хат жібереді. Мақалалар рецензияланбайды және кері
қайтарылмайды, ұсынылған мақалалардың мазмұнына және құқыққа қайшы алынған
мәтіндерді пайдалануға (плагиатқа) авторлар жауапты болады. Материалдар
авторлық редакцияда жарияланады.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
МӘТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІК РЕТІНДЕ
Бектурова Ж.Б.1, Кадеева М.И.2
1Astana International University, Қазақстан, Астана қ.,
2Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті,
Қазақстан, Шымкент қ.
е-mail: bekturova.z@mail.ru, kadmi_ordabasi@mail.ru
Мақала И.А. Крылов мысалдарында қызмет ететін тілдік
бірліктердің лингвотарихи өрісін зерттеуге арналған. Қарастыру нысаны ретінде
«Орыс әдебиеті» пәні бойынша «Әдебиеттегі сатира мен юмор. Мысалдың тағылымдық
жанры» бөлімін оқыту барысында қолданылған жоба бойынша жұмыс үдерісі алынады.
Сонымен қатар мұғалім мен оқушы үшін зерттеу қызметін білім беру сапасын
арттыру құралы ретінде түсіну өзекті болып табылады.
Түйінді сөздер: көркем
мәтін, жобалық-зерттеу қызметі, мектептегі білім беру, дамыта оқыту.
The article is devoted to the study of
the linguistic and historical field of linguistic units functioning in the
fables of I.A. Krylov. The subject of the review is the process of working on a
project (the subject "Russian literature") used in the study of the
section «Satire and humor in literature. The instructive genre of the fable».
At the same time, the understanding of research activity as a tool for
improving the quality of education becomes relevant for teachers and students.
Keywords: artistic text, design and research
activities, school education, developmental learning.
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1: 23]. Мәтін мәтін
мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2].
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін 1-суретте. Мәтін мәтін
мәтін мәтін мәтін 1-кестеде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Купина Н.А. Көркем мәтіннің лингвистикалық талдауы. – М.: Флинта: Наука, 2003. – 124 б.
2. Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Көркем мәтіннің лингвистикалық талдауы:
Теория мен практика. – М.:
Флинта, Наука, 2003. – 112 б.
Шеберлік
сыныбын өткізуге қойылатын жалпы талаптар
Жетекші
педагогикалық әдістемені, технологияны, оқыту құралдарын таңдаңыз. Ұйымдастыру
комитетіне шеберлік сыныбының сценарийін Microsoft Word форматында әзірлеп
жіберіңіз: қаріп – Times New Roman, 14 pt; абзацтық шегініс – 1,0; барлық
жиектер – 2 см; кестелер, иллюстрациялар мен фотосуреттер үздіксіз нөмірленіп,
атауы болуы тиіс. Құжат көлемі – 5 беттен аспауы керек.
Шеберлік сыныбын өткізу форматы
Ұйымдастыру
комитетіне бағыт тақырыбына сәйкес сабақтың бір фрагментінің бейнеролигін
(ұзақтығы 5-7 минут) әзірлеп жіберіңіз. Педагог сабақтың фрагментін алдын ала
жазады (Video Tutorial), сабақ фрагментін ұйымдастыру және өткізу процесі
қысқаша көрсетілген бейнені кезең-кезеңімен монтаждайды. Жұмысты көрсету онлайн
форматта (ZOOM) өткізіледі. Жұмысты көрсеткеннен кейін автор қазылар алқасы
мүшелері мен тыңдаушылардың сұрақтарына нақты уақыт режимінде жауап береді.
Бейнероликтің оңтайлы құрылымы
Қажетті материалдар мен құралдарға
қысқаша шолу. Кіріспе (уақыттың 10-15%) – тақырыпты таныстыру, мақсат қою.
Негізгі бөлім – сабақ фрагментін көрсету, процесс түсіндірмелермен немесе кадр
сыртындағы дауыспен ірі жоспармен көрсетіледі.
Бағалау
критерийлері:
¶ тапсырманың
(тапсырмалардың) мазмұнының қолданбалы оқытудағы тиімділігі;
¶ бірегей тәжірибе, қарапайым және түсінікті
баяндау; өз шеберлігін және оқу материалымен жұмыстың ең қызықты нұсқаларын
көрсете білу;
¶ интерактивтілік;
мультимедиялық файлдарды (аудио және бейнефайлдар, презентациялар), электрондық
құжаттарды, сайттарды, құрылғыдағы қосымшаларды және т.б. көрсете білу;
¶ дыбыстың
жоғары сапасы, техникалық ақаулардың болмауы.
Шеберлік сыныбының өткізілуі мақұлданғаны туралы ұйымдастырушылар 20
қарашадан кешіктірмей хабарлайды.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның
Ұйымдастыру комитетіне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Жауапты хатшы – Нугуманова Алия
Нурлановна, PhD, Педагогикалық институттың аға оқытушысы.
Е-mail: aliya-mj@mail.ru
Ұялы.телефон: +7 (705) 7713436
Пленарлық сессия:
Нугуманова Алия
Нурлановна, aliya-mj@mail.ru
Тақырыптық сессия:
1 Секция. Ахмедияқызы Әлия,
ahmediyakyzy.95@gmail.com-
2 Секция. Бахытжан Назерке Абайкызы, ruslit_auezov@mail.ru
3 Секция. Жаумытбаева Айман Адиловна,
aimanjaumitbaeva@gmail.com
4 Секция. Жанибекова Багдагуль Нурхатовна,
zhanibekova_89.24@mail.ru
Шеберлік сыныптар:
1.
Нарманова
Разия Ибрагимовна, razianarmanova@gmail.com
2. Бахытжан Назерке Абайкызы, ruslit_auezov@mail.ru
3. Балтабаева Улбусин Кендирбековна, offflahertie@gmail.com
