Архитектуралық дизайн
Бағдарлама мақсаты
Ғимараттар мен құрылыстардың интерьерін және экстерьерін, қалалық орта фрагменттерін талаптарға сай жобалауға және заманауи технологияларын қолдануға үйретіп, сәулеттік дизайн саласында кадрлар даярлау.
Бейіндік пәндер
1. Балалардың ойын кеңістігін жобалау
2. Ашық сәулет кеңістігін жобалау
3. Шағын сәулет пішіндерін және нысандарын жобалау
4. Тұрғын үйдің интерьерін жобалау
5. Аз қабатты тұрғын үйді жобалау
6. Тұрғын ортаны көркем модельдеу
7. Тұрғын үйдің ашық ортасын жобалау
8. Ландшафттық дизайн
9. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының интерьерін жобалау
10. Балалар мекемелерінің интерьерін жобалау
11. Сәулеттік орта типологиясы
12. Көрнекі коммуникациялар
13. Кеңсе интерьерін жобалау
14. Рекреациялық-ландшафтық кешенді жобалау
15. Ғылыми зерттеулер негіздері
16. Жоба алдындағы сараптама
17. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы
18. Қала аумақтарының сәулеттік ортасы
19. Жобаның экспозициясы
Негізгі лауазымдар
дизайн саласындағы кәсіби қызмет үйлесімді заттық-кеңістіктік ортаны, сондай-ақ әртүрлі көркемдік объектілердің берілген күйлерін жасауға мүмкіндік беретін көркем дизайнның заманауи құралдарын, әдістері мен формаларын игеруді білдіреді:
- сәулеттік дизайн объектілерін әзірлеу бойынша жобалық құжаттаманы ресімдеу;
- заттық және көлемдік-кеңістіктік сәулет ортасының дизайн элементтерін жасау.
