Bio-Convergence
Бағдарлама мақсаты
Биология, биотехнология, биоинформатика, инженерлік және цифрлық технологиялар тоғысындағы интеграцияланған білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, молекулалық-генетикалық, жасушалық және биотехнологиялық зерттеулер жүргізуге, биологиялық деректердің үлкен көлемін талдауға, инновациялық биологиялық өнімдер мен диагностикалық шешімдерді әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ биомедицина, ауыл шаруашылығы, экология және биоиндустрия міндеттерін биологиялық қауіпсіздік пен зерттеу этикасы қағидаттарын сақтай отырып пәнаралық тәсілдермен шешуге қабілетті бакалаврларды даярлау.
Бейіндік пәндер
Молекулалық биология; Генетика және геномика; Биохимия; Жасушалық биология және тіндік инженерия; Микробиология және вирусология; Биоинженерия және биотехнология; Биоинформатика және биостатистика; Биологиялық деректерді талдауға арналған Python және R; Омикалық технологиялар және жаңа буынды секвенирлеу; Өмір туралы ғылымдардағы машиналық оқыту; Синтетикалық биология; Биосенсорлар және биомедициналық технологиялар; Биопроцестер, биологиялық қауіпсіздік және биоэтика негіздері; Инновациялық биотехнологиялық жобаларды басқару.
Негізгі лауазымдар
Биоконвергенция жөніндегі маман; биотехнология маманы; молекулалық биология және генетика маманы; биоаналитик; жасушалық технологиялар маманы; биоинформатика және биологиялық деректерді талдау маманы; биотехнологиялық, фармацевтикалық, агробиотехнологиялық және экологиялық ұйымдардағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі маман; молекулалық диагностика зертханасының маманы; биологиялық өнім сапасын бақылау маманы; инновациялық биотехнологиялық жобалардың үйлестірушісі; ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкері немесе зертханашысы.
