Astana International University студенттерді Oxford Summer School бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарлама 2025 жылғы 14–19 қыркүйек аралығында әлемге әйгілі Оксфорд университетінде өтеді.
Жазғы мектепті Чехиядағы серіктесіміз – Newton University ұйымдастырып отыр. Бұл бағдарлама AIU мен Newton арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізіледі және студенттердің академиялық, мәдени және жеке даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
📌 Негізгі ақпарат:
🔹 Өту мерзімі: 2025 жылғы 14–19 қыркүйек
🔹 Өтетін орны: University of Oxford, Ұлыбритания
🔹 Қатысушылар: білімге құштар, белсенді студенттер
🔹 Іріктеу: сұхбат негізінде
🔹 Бағдарлама тілі: ағылшын
💼 Бағдарламаға не кіреді:
-
танымал профессорлардың дәрістері
-
академиялық сессиялар мен воркшоптар
-
мәдени іс-шаралар
-
салтанатты кешкі ас
-
тұру және тамақтану
💵 Қатысу құны: 24,900 CZK (~1000 еуро)
📌 Алдын ала төлем: 10,000 CZK
🗓 Қалған сома — 2025 жылғы 30 маусымға дейін
✈️ Бағаға ұшақ билеті, жергілікті көлік және экскурсиялық билеттер кірмейді.
📝 Тіркелу:
-
Қатысуға өтініш арнайы сілтеме арқылы жіберіледі (бағдарлама үйлестірушісі береді).
-
Ұйымдастыруды Andrea King (NEWTON University) жүргізеді.
-
Қатысушылар саны шектеулі!
📨 Қосымша ақпарат алу үшін AIU Экономика жоғары мектебінің деканатына жүгініңіз.