2025 жылдың 10
сәуірінде экономика жоғары мектебінде
академиялық бағдарламалар жетекшілерімен, серіктес кәсіпорындармен және
профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен Академиялық кеңес отырысы өтті. Алдағы
күндері ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасулар жалғасты.
Күн тәртібіне
сәйкес, әрбір білім беру бағдарламасының жетекшісі Академиялық кеңес
қатысушыларына өз бағдарламасын таныстырып, жұмыс берушілермен бірге бизнес пен
мемлекеттік құрылымдардың кадрларға деген сұранысын, білікті мамандар даярлау
мәселелерін, оқу бағдарламаларын нарық талаптарына бейімдеу жолдарын талқылады.
Академиялық кеңес
жұмысының нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан пәндер мен олардың мазмұнына
ұсыныстар берілді, модульдік оқу бағдарламалары мен элективті пәндер
каталогтарына пікірлер мен сараптамалық рецензиялар алынды. Экономика жоғары мектебімен
көп жылдан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқан белсенді серіктестерге алғыс
хаттар табысталды.