2025 жылғы 24 сәуірде «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық
білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция аясында «Ғаламдану жағдайында адам ресурстарын
басқарудағы өзекті үрдістер» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классты
экономика ғылымдарының докторы, Томск мемлекеттік университетінің Экономика
және менеджмент институтының ұйымдық мінез-құлық және кадрларды басқару
кафедрасының меңгерушісі Недоспасова Ольга Павловна өткізді. Іс-шараға
университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Ұлттық статистика
бюросы мен ForteBank АҚ серіктестері қатысты. Кездесу барысында HR саласындағы
негізгі үрдістер, кадрларды іріктеу және мотивация мәселелері талқыланды. Ольга
Павловна персоналды басқарудағы заманауи тәсілдерді ұсынып, ұйымдардың жаңа
жағдайларға бейімделу жолдарын сипаттап, soft skills дамыту бойынша тиімді
әдістемелермен бөлісті.Адам ресурстарын басқару – тұрақты даму мақсаттарына
жетуде, атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім беру» және ТДМ 8 «Лайықты жұмыс пен
экономикалық өсім» бағыттары үшін аса маңызды аспект болып табылады.
Осындай форматтағы мастер-кластар заманауи HR-тәсілдердің
теориялық және практикалық қырларын терең түсінуге ықпал етеді. Қатысушылар
белсенді түрде сұрақтар қойып, кәсіби байқауларымен бөлісіп, болашақта
ынтымақтастыққа ниет білдірді.