📢 Халықаралық жобаларға қатысып, ЕҚЫҰ сарапшыларының дәрістерін тыңдап, халықаралық құқық пен қауіпсіздік саласындағы біліміңізді жетілдіргіңіз келе ме? Енді сізде осындай мүмкіндік бар!
Astana International University-де ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Dr. Volker Frobarth және кеңсе ассистенті Mira Mussabekova университет басшылығымен кездесті. Кездесуде қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, академиялық алмасу және ғылыми зерттеулер мәселелері талқыланды. Басты қорытынды – қазіргі заманғы сын-қатерлер университеттер мен халықаралық ұйымдардың күш біріктіруін талап етеді.
📌 Кездесу нәтижесінде AIU мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады:
✅ Халықаралық құқық, қауіпсіздік және адам құқықтары бойынша білім беру және зерттеу жобаларына қатысу.
✅ Халықаралық сарапшылардың дәрістері мен тренингтері.
✅ Ғылыми зерттеулер үшін ЕҚЫҰ-ның аналитикалық материалдарына қол жеткізу.
✅ Конференциялар, дөңгелек үстелдер және ЕҚЫҰ моделін іске асыру.
🎯 Әсіресе, 6B04202 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттері үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Олар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін нақты жобаларда қолдана алады.
🌍 Бұл – кәсіби дамуға және халықаралық дипломатияға терең бойлауға тамаша мүмкіндік. Алдағы іс-шараларды жіберіп алмау үшін жаңалықтарды қадағалаңыз! 🚀