«Екі жұлдыз» байқауы: студенттер мен оқытушылардың жарқын дуэттері

2025 ж. 6 нау., бс, 13:47

6 наурызда Astana International University-де «Екі жұлдыз» байқауы өтті

«Екі жұлдыз» – жай ғана байқау емес, бұл аналарға, әжелерге және барша әйелдер қауымына деген құрмет пен махаббаттың көрінісі. Байқауға студент пен оқытушыдан құралған дуэттер қатысты. Оның негізгі мақсаты – таланттарды таныту мен қолдау, сондай-ақ студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту.

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар нәзік жандыларға деген алғыс пен құрметке толы әндерді орындады.

Екінші кезеңде дуэттер танымал қазақстандық хиттерді орындап, өнерлерін нағыз мини-шоуға айналдырды. Бұл кезеңде олардың вокалдық шеберлігімен қатар, әртістік қабілеттері де байқалды. Барлық нөмірлер тек қана жанды дауыста орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Қазылар алқасы мүшелері – Astana International University вице-президенті Абдрахманов Қайрат Амангелдіұлы, «Saryarqa» телеарнасының журналисі және жүргізушісі Назерке Алтынбек, «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасының жүргізушісі, актриса Ғалия Медиева, сондай-ақ AIU-дің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі менеджері Аманов Әділ Серікұлы болды.

Қазылар үшін жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ – қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде өтті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Педагогикалық институт, екінші орынды Жоғары экономика мектебі, үшінші орынды Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі иеленді. Жеңімпаздарға 100 мың, 75 мың және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға естелік сертификаттар беріліп, көрермендер оларды ыстық ықыласпен қолдады.

«Екі жұлдыз» байқауы музыка, талант және шынайы эмоциялар мерекесіне айналды. Ол қоғамдағы әйел рөлінің маңыздылығын еске салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.


63