🤝AIU Еуропаға жол ашады: Newton University-мен серіктестік!

2025 ж. 28 ақп., жм, 07:16

📎Astana International University халықаралық байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда. Осы бағытта AIU басшылығы Newton University (Чехия) өкілдерімен кездесу өткізіп, серіктестікті нығайту және студенттерге жаңа білім беру мүмкіндіктерін қарастырды.

📍Кездесу барысында тараптар қос диплом бағдарламаларын, академиялық алмасуларды және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Newton University ағылшын және чех тілдеріндегі білім беру бағдарламаларын ұсынды, оның ішінде "Global Business Management" бакалавриаты және "Academy and Sustainable Management" магистратурасы бар.

🖊️Кездесуде шетел тілдерін оқыту және арнайы тіл орталықтарын құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. AIU студенттерін Newton University білім беру бағдарламаларына, күндізгі және қашықтықтан оқыту форматына интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды.

📚Newton University өкілдері университеттің виза рәсімдеуге, құжаттарды аккредитациялауға және студенттердің бейімделуіне қолдау көрсететінін атап өтті. ЖОО халықаралық компаниялармен белсенді ынтымақтаса отырып, студенттерге тәжірибеден өту және практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, Newton University гранттар мен стипендиялар жүйесін дамытып, студенттерге Оксфорд университеті секілді жетекші ЖОО-ларда жазғы мектептерде оқу мүмкіндігін қарастырады.

📆Бұл – тек бастамасы! Мамыр айында Newton University басшылығы AIU-ға келіп, бірлескен жобалардың егжей-тегжейін талқылайды. Бұл бастамалар AIU студенттерінің білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, қазақстандық білім берудің әлемдік академиялық кеңістікке интеграциялануына ықпал етеді.

Astana International University алға ұмтылуын жалғастырып, студенттерге жаңа халықаралық мүмкіндіктер ашуда! 🌍✨


188