«Жас биологтар алаңы» танымдық сайысы – 2025

2025 ж. 26 ақп., ср, 10:00

2025 жылдың 21 ақпанында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы Маханова Наргиза Асқарқызы 1-курс «Биология» мамандығы студенттері арасында «Жас биологтар алаңы» атты танымдық сайыс өткізді. Бұл шара студенттердің биология пәніне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау мен логикалық тұрғыда шешім қабылдай білу дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Студенттер өздерінің ғылыми білімдерін көрсетуге, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.Сайыс нәтижесі бойынша: 1- орын: StemQaz тобы 2- орын: EcoBoost тобы 3- орын: BioFenix тобы


89