AIU халықаралық байланыстарды нығайтуда: София университеті делегациясының сапары

2025 ж. 25 ақп., сс, 12:00

2025 жылғы 25 ақпанда Astana International University Болгарияның жетекші жоғары оқу орны – Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің өкілдерін қабылдады!

Делегация құрамында профессор Гергана Петкова, доцент Йованна Тодорова және Әл-Фараби орталығының директоры Виолетта Добичина болды. Кездесу барысында AIU басшылығымен бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық мобильдік және студенттермен алмасу бағдарламалары, сондай-ақ мәдени және білім беру бастамаларын дамыту мәселелері талқыланды. AIU-дың білім беру үдерісіне белсенді түрде енгізіп жатқан инновациялық технологиялары мен цифрлық шешімдері ерекше қызығушылық тудырды.

🚀 Маңызды жаңалық!
AIU мен София университеті «Экологиялық менеджмент» қос дипломды бағдарламасын іске қосады! Бұл – студенттерге халықаралық деңгейде білім алып, екі университеттің дипломын қатар алу мүмкіндігін беретін бірегей жоба.

AIU халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастырып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл сапар бірлескен жобалар мен ғылыми жаңалықтарға бастайтын тағы бір маңызды қадам болды.

#AIU #AstanaInternationalUniversity #СофияУниверситеті #ХалықаралықЫнтымақтастық #ҚосДипломдыБағдарлама #ЭкологиялықМенеджмент #Білім #Инновациялар


89