AIU-да республикалық ғылыми семинар басталды: деректер тарихты зерттеу тәсілдерін қалай өзгертеді?

2025 ж. 24 ақп., дс, 12:00

Бүгін Astana International University қабырғасында көптен күткен «Ғылыми зерттеулердегі деректердің маңызы: талдау және қолдану ерекшеліктері» атты республикалық ғылыми семинар өз жұмысын бастады. Бұл маңызды шара тарихшыларды, археологтарды, ғалымдарды және ғылыми зерттеулер мен тарихи мұраға қызығушылық танытқан студенттерді біріктірді.

Семинар тарихи деректерді талдау саласындағы бірегей білім мен практикалық тәжірибе алмасуға арналған ашық алаңға айналды. AIU студенттері сарапшылардың пікірлерін тікелей тыңдап, сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Семинардың алғашқы күні мазмұнды әрі әсерлі өтті:

  • Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, профессор, тарих ғылымдарының докторы тарихи деректерді талдау және жүйелеу әдістері туралы баяндама жасап, олардың ұлттық құндылықтарды түсінудегі маңыздылығын атап өтті.

  • Әлімақын Дүйсенәлі, журналист, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты АҚШ архивтерінен табылған Қазақстанға қатысты материалдар туралы баяндама жасады. Бұл деректер студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың халықаралық тарихи дереккөздер мен Қазақстанның әлемдік тарихи контексте алатын орны туралы түсініктерін кеңейтті.

  • Сонымен қатар, Жанболат Қазанбаев, «Бозоқ» музейінің тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің жетекшісі Бозоқ қаласының тарихы мен оның археологиялық зерттеулердегі маңызы жайлы өз зерттеулерімен бөлісті.

AIU студенттері семинар барысында белсенділік танытып, спикерлерге сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Семинар 2025 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады, алда әлі талай қызықты баяндамалар, пікірталастар мен жаңа ғылыми жаңалықтар күтіп тұр.


108