AIU-да Қытайдың ең үлкен мерекесі – Көктем мерекесі аталып өтті! 🎉🎊

2025 ж. 19 ақп., ср, 11:30

Бүгін Astana International University қабырғасында Қытайдың ең маңызды дәстүрлі мерекесі – Көктем мерекесіне (Чуньцзе) арналған жарқын әрі есте қаларлық іс-шара өтті. AIU – UIBE екі дипломдық бағдарламасының студенттері көрермендерді осы көне мерекенің атмосферасына бөлейтін мазмұнды бағдарлама дайындады.

Іс-шараны AIU вице-президенті Абдрахманов Қайрат Амангельдинович ашып, басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрін зерттеудің маңыздылығын, сондай-ақ шетелдік университеттермен бірлескен бағдарламалардың мәнін атап өтті.

Мереке барысында көрермендер тамашалады:
🎶 Қазақ және қытай тілдеріндегі әндерді, соның ішінде сүйікті «Жұлдызым», «Дударай» және «Měihǎo Xīnnián» әндерін.
💃 Қытайдың дәстүрлі музыкасына қойылған әсем би қойылымдарын.
🎭 Көктем мерекесінің шығу тарихын баяндайтын театрландырылған көріністі.
🎬 Қытай тіліндегі танымал мультфильмдерден үзінділер көрсетілген «Мультфильмді тап» интерактивті ойынын.

Айрықша сәттердің бірі – қазақтың халық әні «Дударайдың» екі тілде орындалуы болды, бұл Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы достықтың жарқын символына айналды.

Айта кетерлігі, іс-шараға қатысушылардың басым бөлігі AIU Жоғары экономика мектебінің «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша оқиды.

AIU мәдени бастамаларды белсенді түрде қолдап, мәдениетаралық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Біздің студенттеріміз тек білім алып қана қоймай, басқа халықтардың дәстүрлерімен бізді де таныстырып жүргеніне мақтанамыз!

🌿🎇 Көктем мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл қуаныш, сәттілік пен береке әкелсін!


364