AIU өкілі №78 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

2025 ж. 13 ақп., бс, 10:46

Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында жаратылыстану ғылымдары әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Бірыңғай тәрбие жүйесі: кәсіби бағдар
Мектепте әр сәрсенбі сайын «Кәсіби бағдар күні» өткізіледі. Осы жолы болашақ түлектермен Педагогикалық институттың қауымдастырылған профессоры, PhD Хамзина Салтанат Рашидқызы кездесті.
Кездесу барысында 9-11 сынып оқушылары мамандық таңдау бойынша кеңестер алып, биология саласындағы ғылыми мүмкіндіктер мен жоғары білімнің маңыздылығын талқылады. Студенттермен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар Хамзина Салтанат Рашидқызы өз білімдерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шаралар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектеседі.


273