2025 жылғы 21 ақпанда сағат 15:00-де «8D06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бахадирова Гулназ Бекуалықызының докторлық диссертациясын талқылау бойынша Астана Халықаралық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кеңейтілген отырысы өтеді.

2025 ж. 20 қаң., дс, 03:44

Диссертация тақырыбы: «Кері байланыс арқылы жоғары ретті сызықтық емес жүйелерді басқаруды компьютерлік модельдеу».

Өтетін орны: №207 аудитория, Астана халықаралық университетінің №1 корпусы

Ғылыми кеңесшілері:

1. Тасболатұлы Нұрболат – PhD,  Астана халықаралық университеті, Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің доценті;

2. Тураев Шерзод (Turaev Sherzod) – PhD, Біріккен Араб Әмірліктері университеті, Ақпараттық технологиялар колледжінің Компьютерлік ғылымдар және бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Аль-Айн, Абу-Даби, Бірікккен Араб Әмірліктері);

Рецензенттер:

1. Адамов Нургалым Абилмажинович – PhD, Астана халықаралық университеті Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің доценті; 

2. Бегалиева Каламкас Балтабековна – PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы.

Қорғау тілі: қазақ.

314