Astana International University Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз, білімге деген ұмтылыстарыңыз және ғылыми жаңалықтарыңыз білім, технология және инновация салаларының дамуына баға жетпес үлес қосуда. Сіздердің табандылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында ғылым қолжетімді болып, әлем қарқынды дамуда.
Ғылым жолыңыз жаңа жаңалықтарға, шабытқа және лайықты жетістіктерге толы болсын! Баршаңызға сарқылмас энергия, ғылыми серпілістер және барлық бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!