Бүгін Astana International University студенттері Сәдуақас Жәңгір Райымбекұлымен, Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығымен кездесті. Әңгіме ашық әрі мазмұнды өтті: адам қылмыс әлеміне қалай байқамай тап болуы мүмкін және қате таңдау қандай салдарға әкеледі?
💡 Студенттерді таңғалдырған фактілер:
🔹 Синтетикалық есірткі қолданатын адамның өмір сүру ұзақтығы – 5 жылға жетпейді.
🔹 Көптеген жастар 2 000 теңге үшін "курьер" атанып, 20 жылға сотталу қаупін түсінбейді.
🔹 Бір ғана тәжірибе денсаулық пен болашаққа қайтымсыз зиян келтіруі мүмкін.
📲 Қауіпті жағдайға тап болсаңыз, не істеу керек?
Прокуратура @ProkuraturaAstanaBot Telegram-ботын іске қосты, онда күдікті әрекеттер мен есірткінің таралуы туралы хабарлауға болады. Қазірдің өзінде 21 заңсыз арна бұғатталды, ал қылмыспен күреске көмектескен белсенді тұрғындар спортзалға абонемент алды.
🔥 AIU студенттері көптеген маңызды сұрақтар қойды: алаяқтықты қалай тануға болады, "оңай ақша" ұсынса, не істеу керек, достарыңды қалай қорғауға болады? Кездесу пайдалы әрі қызықты өтті.