2025 жылдың 5 ақпанында Астана
Халықаралық университетінде «Сайлау әркімнің өз таңдауы» тақырыбында іс-шара өтті.
Сайлау күніне арналған іс-шара биыл 6-ақпанда атап өтілетін
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі
2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың III жаһандық
конференциясында бекітілді және жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісіне сәйкес
келеді. Конференцияның шешімі сайлауды ұйымдастырушылар жұмысының маңыздылығын
мойындаудың жаңа перспективаларын ашты және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының
демократия Қоры қолдады. Құрылтайшылардың ойынша, бұл күні барлық назар азаматтардың
сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселелеріне
аударылуы керек.
Іс-шараның мақсаты – болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін
арттыру, жастардың бойында сайлау құқықтарын саналы түрде іске асыру үшін
қажетті білім, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының және Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы өкілдері,
Астана халықаралық университеті Құқық
жоғары мектебінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және
докторанттар мен студенттер қатысты.
Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі деканының
орынбасары Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы кіріспе сөз сөйледі.
Кездесу аясында құқық жоғары мектебінің
студенттері арасынан құрылған бес команда арасында іс-шара тақырыбы бойынша
іскерлік ойын өткізілді. Командалар азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы және
шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру туралы
сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана
халықаралық университеті Құқық
жоғары мектебі және Астана қаласы, Есіл
ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы.