Зәкиева Жадыра Ермекқызын диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2025 ж. 4 ақп., сс, 11:00

2025 жылғы 31 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Зәкиева Жадыра Ермекқызы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Диссертациялық жұмысының тақырыбы – «Допталған BaTiO3 бетінде суды фотокаталитикалық ыдыратуды модельдеу», зерттеу «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы аясында орындалды.

Қорғау «8D053 – Физика және химия ғылымдары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Кеңес мүшелері мен шақырылған сарапшылар зерттеудің жоғары ғылыми деңгейін және техникалық физика саласы үшін маңыздылығын атап өтті.

Педагогикалық институт ұжымы Зәкиева Жадыра Ермекқызын диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды және оған ғылыми қызметінде жаңа жетістіктер, жемісті еңбек және кәсіби жолында биік белестерді бағындыруын тілейді!

 


47