Digital Almaty 2025 форумында AIU президенті Серік Ирсалиев пен «СП «Байтерек» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов AIU-дың «Байтерек» ғарыштық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін талқылады.
AIU бұл жоба аясында ынтымақтастық орнатуды ұсынып, 2025 жылдың соңына жоспарланған «Союз-5» зымыран тасығышының сынақтық ұшырылуы кезінде университеттің пикоспутнигін жіберу мүмкіндігін қарастырды. Бұл бастама қолдау тауып, отандық ғарыштық технологияларды дамытуға университеттің үлес қосуына жол ашады.
Қазіргі уақытта AIU-дың R&D орталығы пикоспутник әзірлеу мүмкіндігін зерттеп, осы бағытта жұмысқа дайындалуда.