Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдени өкілдігі мен Астана Халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебі бірлесіп, Иран Ислам Республикасының Ұлттық күніне орай каллиграфия өнерінің шебері Мохсен Ебрахимидің жұмыстарының көрмесі мен шеберлік сабағын ұйымдастырады.
Шара барысында студенттер мен оқытушылар шебердің аса құнды туындыларымен жақын танысып, белгіленген уақытта каллиграфпен сұхбаттасуға, каллиграфия өнерінің негіздерін меңгеруге, қажетті құрал-жабдықтармен танысуға және каллиграфиялық жазу техникасын тәжірибеде көруге мүмкіндік алады.
Каллиграфияға қатысты сұрақтарыңызды қойып, тың ақпараттармен танысуға шақырамыз!
Воркшоптың мақсаты – Иран мәдениетін қазақ қоғамына таныстыру, екі елдің мәдени байланысын нығайту және парсы каллиграфиясы мен қолөнеріне қызығушылықты арттыру.
📅 Өтетін уақыты: 03.02.2025, сағат 11:00
📍 Өтетін орны: М. Әуезов көшесі, 46/1, 4-корпус, 504-аудитория