Астана халықаралық университетінің «6В03103 – Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері – Раац Екатерина Александровна, Мустафина Самира Сунгадовна, Есалиева Аянат Талгатовна, Мұхит Амина Қуанышқызы және 3-курс студенті Амантаева Диана Батырбековна қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінде» (НИУ ВШЭ) білім алуда.
НИУ ВШЭ-де білім алу барысында студенттер психология саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, маңызды практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін келесі курстарға қатысуда:
- «Психиатрия» – психиатрия негіздерімен, психикалық аурулардың этиологиясымен, патогенезімен, диагностикасымен және емдеуімен таныстыратын пән.
- «Психогенетика» – адамның психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін тұқым қуалайтын және қоршаған орта факторларының өзара әрекетін түсінуді қалыптастыратын курс.
- «Мотивация және эмоция психологиясы» – мотивациялық, еріктік және эмоционалдық процестердің негіздерін, олардың талдауын және реттелуін зерттеуге арналған пән.
Студенттер НИУ ВШЭ-де білім алу мүмкіндігін ұсынғаны үшін Астана халықаралық университетінің басшылығына шын жүректен алғыс білдіреді. Олар академиялық ұтқырлық бағдарламасы олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін, білім көкжиегін кеңейтетін және жаңа мүмкіндіктер ашатын баға жетпес тәжірибе болғанын атап өтті. Бұл олардың Қазақстандағы психология саласының дамуына үлес қосуға дайын, бәсекеге қабілетті маман болуына үлкен мүмкіндік.
Біз студенттерімізбен мақтанамыз және бұл ерекше тәжірибе олардың болашақ жетістіктері мен кәсіби табыстарына берік негіз боларына сенеміз!
191