2025 ж. 25 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің форумы өтті. Оған
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Алқалы жиында еліміздегі ғылыми қауымдастықтың
300 өкілі, оның ішінде тарихшы-зерттеушілер, жоғары оқу орындарының
оқытушылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері бас қосты.
Форумның пленарлық
отырысында және жеті жұмыс секциясында археология, этнография, этнология,
тарихи география салаларындағы жаңалықтарды талдау, жүйелеу және ғылыми
айналымға енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан
зерттеушілерінің шетел мұрағаттарында, музейлерінде және кітапхана қорларында
жүргізген зерттеулерінің нәтижелері қаралды. Басқосудың басты тақырыбының бірі
«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық
басылымды дайындау барысын талқылау болды. Бұл жобаға бес ғылыми зерттеу
институты және еліміздің 250-ден астам ғалымы жұмылдырылды.
Қазақстан
тарихшыларының ұлттық конгресінің форумына қатысу үшін Астана халықаралық
университетінен «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» жаңа
академиялық басылымының 7 томын талдау жұмысына ӨжГҒЖМ
қауымд. профессоры т.ғ.к., Асанова Гүлмира
Қабыланқызы, т.ғ.к., Еримбетова Құндызай Мырзашқызы, PhD, аға оқытушы Адиет
Қайыркен Балтағұлұлы, аға оқытушы Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы шақырылды.
Форумға қатысушылар
сөз сөйлеп, ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихына қатысты
көптомдық академиялық басылымды әзірлеу жұмыстарына жоғары баға берді.
Сондай-ақ археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу ауқымын
кеңейту, мұрағат пен аймақтану ісін одан әрі дамыту, оқулықтарды және тарихты
оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды.