AIU студенттері «Жылдың үздік студенті 2024» құрметті медалінің иегерлері атанды

2024 ж. 23 жел., дс, 09:54

2024 жылдың 18 желтоқсанында 6В01201, 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттері оқытушылар Бегімбай Тоғжан Бегімбайқызы мен Қонқал Меруерт Қонқалқызының жетекшілігімен «Жастар көзімен ғылым» атты халықаралық ғылыми байқауда жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздары:

  • Жаңабаева Мерей, 3 курс студенті (ТИПО),
  • Қасқырбаева Назерке, 2 курс студенті,
  • Нұрмаханқызы Жанерке, 2 курс студенті.

Ғылыми жетістіктері үшін студенттер «Жылдың үздік студенті 2024» құрметті медалімен марапатталды.

Байқаудың мақсаты – ғылымды дамытуға үлес қосқан жас ғалымдарды тану және марапаттау, сондай-ақ олардың жетістіктерін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде дәріптеу.

Марапаттау рәсімі Астана қаласындағы конференция залында өтті. Қатысушылар медальдармен, дипломдармен және естелік статуэткалармен марапатталды.

Студенттерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және оларға ғылым мен кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!


1003