Ағымдағы жылдың 2 қазанында Астана халықаралық университетінде «Қазіргі заманғы флористика әдістері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға «Биология-6B01502, 7M01502» білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ қалалық және аймақтық мектептердің биология пәні мұғалімдері қатысты. 🌱
Семинарды биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Жумадилов Булат Зулхарнаевич жүргізді. Ол Ертіс флористикалық округі мен Шығыс Қазақстан далалық провинциясының өсімдіктер қауымдастықтарын зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен бөлісті. 🌿 Таксономиялық, географиялық және экологиялық талдауларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өсімдіктердің биологиялық алуандығы және олардың сақталуына әсер ететін факторлар ғылыми деректермен сарапталды.
Семинар барысында флористиканың жаңа әдістері мен технологиялары, далалық зерттеулердің әдістемесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, ғылыми зерттеулердің даму жолдарын ортаға салды. 💡
Әрбір қатысушы жаңа біліммен қаруланып, болашақ зерттеулерге шабыт алып қайтты! 💚
#Ғылым2024 #Флористика #Биология #ҒылымиСеминар