17 қарашада Астана Халықаралық Университетінің психологы Венера Елеу
студенттерге арналған интерактивті кездесу ұйымдастырды. Қалалық
психикалық денсаулық орталығының психологы Балтабеков Алмат Берікұлы
«Химиялық тәуелділіктің даму сатылары» тақырыбында интерактивті кездесу
өткізді.
Іс-шара сағат 14:45-те 207 аудиторияда өтті. Кездесу барысында психолог
химиялық тәуелділіктің пайда болу кезеңдері, оның белгілері және алдын алу
жолдары туралы айтып берді. Студенттер тәуелділікпен жұмыс істеудің
практикалық аспектілерімен танысып, өзекті сұрақтарын қойды. Іс-шараны
ұйымдастырған Венера Елеу студенттердің кәсіби дамуына үлес қосуды
жалғастыруда.

