18 қарашада Астана Халықаралық Университетінде гештальт-терапевт, тренер
және супервизор Лидия Петровна Васильева «Первые шаги в профессии:
уверенность, ответственность и ресурсы» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Іс-шара сағат 10:00-де 207 аудиторияда ұйымдастырылды. Мастер-
қатысушылар кәсіби жолдың бастапқы кезеңдеріндегі маңызды аспектілер –
сенімділік, жауапкершілік және ішкі ресурстарды тиімді пайдалану туралы
білім алды. «Психология» білім беру бағдарламасының (6В03103) студенттері
белсенді қатысып, тәжірибелі маманнан практикалық кеңестер тыңдады және өз
сұрақтарын қойды.

