Психологиялық Қызметінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіндегі «Ашық есік күні»

2026 ж. 5 нау., бс, 12:26

Университеттің Психологиялық Қызметі Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары

мектебінде «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара бағдарламасы аясында интерактивтік дәріс,

вебинарлар және экспресс-консультациялар ұйымдастырылды.

Бағдарлама шеңберінде «Эмоцияларды басқару және эмоционалдық интеллектіні дамыту»

тақырыбында AIU психологы Б.Ж.Санатова қатысуымен интерактивтік дәріс өтті. Дәріс

барысында қатысушылар эмоцияларды тану, оларды тиімді басқару және эмоционалдық

интеллектіні дамыту жолдары туралы мағлұмат алды.

Сонымен қатар, «Жеке шекара және қауіпсіздік: сталкингтің алдын алу» тақырыбында

вебинарды AIU Психологиялық Қызмет басшысы, психолог Венера Елеу жүргізді. Іс-шара

барысында жеке шекара ұғымы, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, сталкингтің психологиялық

белгілері және оның алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылды.

«Химиялық тәуелділіктің даму сатылары» тақырыбында вебинарды клиникалық психолог

Алмат Балтабеков өткізді. Шақырылған сарапшы химиялық тәуелділіктің қалыптасу кезеңдері,

оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ алдын алу жолдары туралы ақпарат

берді.

Экспресс-консультациялар барысында психологиялық тестілеу, арт-терапиялық жаттығулар

және ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды. «Психология» білім беру бағдарламасының 4-курс

студенттерімен бірлесе отырып, қатысушыларға өзін-өзі тану, эмоционалдық күйін түсіну, стресс

деңгейін анықтау және психологиялық ресурстарды дамытуға бағытталған тәжірибелік

тапсырмалар ұсынылды.

Аталған іс-шара студенттер арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қолдау

атмосферасын нығайтуға және университеттің Психологиялық Қызметінің мүмкіндіктерімен

таныстыруға бағытталды.


109