Бірінші курс студенттеріне арналған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

2026 ж. 5 нау., бс, 05:07

Университеттің Психологиялық Қызметінің жұмыс жоспары аясында бірінші курс

студенттері арасында психологиялық алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Негізгі мақсат – студенттердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық

тұрақтылығын арттыру және оқу процесінде қолдау көрсету.

Дәрістер мен тренингтер барысында студенттер эмоционалдық интеллект

ұғымымен танысып, өз эмоцияларын тану және реттеу, стрессті басқару, уақытты тиімді

жоспарлау дағдыларын меңгерді.

Топтық талқылаулар мен жаттығулар өткізу процессінде студенттердің өзіне деген

сенімділігін, өзін-өзі бағалау деңгейін арттыруға, ішкі ресурстарды анықтауға, өзін-өзі оң

қабылдауды қалыптастыруға және тиімді әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын

дамытуға ерекше назар аударылды.

Психологиялық Қызмет алдағы уақытта да студенттердің психикалық саулығын

нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырады.


82