«ЖАСЫЛ ЭКСПОРТ: ЕО НАРЫҒЫНА ШЫҒУ» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ

2026 ж. 3 нау., сс, 07:53

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты 4 «Сапалы білім» (барлығына қолжетімді және

әділ сапалы білім беру, тұрақты дамуды қолдауға қажетті білім мен дағдыларды

меңгеру, оның ішінде тұрақты өндіріс, тұтыну және жаһандық азаматтық тақырыптары

бойынша) аясында Жасыл экономика мектебінің жетекшілері проф. Лесбаева Г.Т. және

қауымдастырылған проф. Байбаш Г.К. қызықты іскерлік ойын өткізді.

Ойынның мақсаты- студенттерге тұрақты даму талаптарының (ESG

принциптері) халықаралық саудадағы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне әсерін

көрсету және ЕО нарығына шығу кезіндегі стратегиялық шешімдерді түсінуді дамыту

(Green Deal, CBAM, экологиялық сертификаттау, due diligence және т.б.).

Қатысушылар экспорттаушылар үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдады,

жеткізу тізбектері мен бизнес-модельдерді еуропалық «жасыл» стандарттарға

бейімдеді, бәсеке және шектеулі ресурстар жағдайында басқару шешімдерін

қабылдады. Бұл XXI ғасырдың негізгі құзыреттіліктерін практика жүзінде меңгеруге

мүмкіндік берді: стратегиялық ойлау, командалық жұмыс және белгісіздік жағдайында

шешім қабылдау.

Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз:

1 орын - МБ-23Б тобының командасы: Белокур Кристина, Баклага Маргарита,

Искакова Альбина, Мустафаева Лейли, Әміртай Диана.

2 орын - «Сириус» командасы (МБ-23Б тобы): Қабыш Аружан, Нугман Ақтілек,

Салихова Нәйля, Еркеш Аяжан, Жумашева Айым

3 орын - «EcoGrainAgro» командасы (МБ-24Б тобы): Алшимбаева Рахиля,

Абенова Дана, Ержан Дарина, Бакыткызы Ақбота, Кушкинбай Аружан.


МБ-24Б тобының командасы Журбин Александр, Забара Игорь, Баймухамбет

Карина, Саги Нурай, Захарова Тальяна - белсенділіктеріңіз үшін рақмет.


131