2026 жылғы 13 ақпанда «AP26100031 – Халықаралық медиациялық хаб:
қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу және ядролық қарусыздану құралы
ретінде (Қазақстан және шетелдік тәжірибе)» ғылыми жобасының ғылыми
қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Астана халықаралық
университетінің өкілі Иржанов А.С. Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының
сыртқы саясат жөніндегі орынбасары Әбен Даурен Әбенұлымен жұмыс
кездесуін өткізді.
Кездесу барысында халықаралық медиациялық хаб тұжырымдамасының
негізгі қағидаттары көпфункционалды сараптамалық-тәжірибелік алаң ретінде
жан-жақты талқыланды. Аталған алаң дауларды бейбіт жолмен реттеуге
жәрдемдесуге, диалог мәдениетін нығайтуға және превентивтік дипломатия
тетіктерін дамытуға бағытталатыны атап өтілді.
Хаб медиация, келіссөздер мен консультациялар өткізуге арналған алаң
ғана емес, сонымен қатар қақтығыстарды реттеу мәселелері бойынша
талдамалық материалдар, әдістемелік ұсынымдар және сараптамалық
қорытындылар әзірлейтін орталық ретінде де қызмет атқара алатыны
көрсетілді.
Сонымен қатар, ғылыми жобаның мақсаттарын іске асыруға бағытталған
бірлескен іс-шараларды, талдамалық және ғылыми-практикалық
материалдарды дайындау бойынша ынтымақтастық перспективалары
қарастырылды.
Жалпы алғанда, кездесу әріптестікті кеңейтуге және алдағы бірлескен
зерттеулер мен іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттыруға ықпал
етті.

