Астана халықаралық университеті қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету бағытындағы жұмысына белсенді түрде қатысуды жалғастыруда.

2026 ж. 24 ақп., сс, 12:00

Астана халықаралық университеті құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілетуге белсенді атсалысуда.

2026 жылғы 24 ақпанында студенттердің Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Әділқызы Құлбаева ханыммен кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау, студенттердің құқықтық санасын арттыру, сондай-ақ жастардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту болды.

Айжан Әділқызы Құлбаева — жоғары білікті судья. Ол қоғамда кең резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында Қазақстанда сот төрелігі жария түрде, «қос стандарттарсыз», заң үстемдігі және заң алдында баршаның теңдігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылатынын дәлелдеді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында студенттер дропперлік пен есірткі тасымалдау мәселелері, желілік этика, жеке кеңістікті қорғау, сондай-ақ сталкингтің құқықтық салдары сияқты өзекті сұрақтар бойынша мазмұнды жауаптар алды.

Ресми бөлім басталар алдында құрметті қонақ университет музейін, шеберханалар мен зертханаларды аралап, сондай-ақ болашақ заңгерлерді даярлауға арналған мамандандырылған сот отырысы оқу залының жұмысымен танысты.


201