«Химия» білім беру бағдарламаларын жаңарту жөніндегі академиялық комитет отырысы өтті

2026 ж. 23 ақп., дс, 05:12

2026 жылғы 19 ақпанда «Жаратылыстану пәндері» кафедрасында 2026–2027 оқу

жылына арналған «5В01503 – Химия» және «7М01503 – Химия» білім беру

бағдарламаларын әзірлеу және талқылау бойынша академиялық комитет отырысы

өткізілді.

Отырыс барысында бағдарламалардың құрылымы мен мазмұны, күтілетін оқу

нәтижелері, кәсіби құзыреттіліктер жүйесі, оқу жоспарындағы пәндердің өзектілігі

мен сабақтастығы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, бағдарламалардың

еңбек нарығы талаптарына, заманауи білім беру үрдістеріне және салалық

стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Академиялық комитет жұмысына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

және Астана қаласының тәжірибелі педагогтері қатысты:

 № 93 мектеп-лицей химия пәні мұғалімі Оспанова Гульмира Нургазыевна;

 № 56 мектеп-лицей химия пәні мұғалімі Елекенова Сауле Далеловна;

 № 78 мектеп-гимназиясы химия пәні мұғалімі Мухамедиева Гульжазира

Жайыковна;

 Экономикалық лицей химия пәні мұғалімі Таукелова Айгуль Абдисаматовна.

Талқылау барысында стейкхолдерлер мен жұмыс берушілердің ұсыныстары

ескеріліп, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар

берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту, пәндер

мазмұнын заманауи талаптарға сәйкес жаңарту, оның ішінде жасанды интеллект

технологияларын білім беру үдерісіне енгізу және бағдарламаларды бекіту туралы

шешім қабылданды.


125