AIU жастары конституциялық реформаны талқылады!

2026 ж. 20 ақп., жм, 12:15

Астана халықаралық университетінде профессорлық-оқытушылық құрам және студенттермен еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумды өткізу мәселесі  бойынша кездесу болды.

Жастарға Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындағаны, мақсаты саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы үдерісіне оң ықпал ету екендігі туралы ақпараттар берілді.

Бірнеше ай бойы қоғамда жаңа реформаға қатысты қызу пікірталас болғаны, осы кезең аралығында Жұмыс тобы азаматтар мен сарапшылардан түскен 2 мыңнан аса ұсынысты жан-жақты қарастырып, жүйелегені айтылды. Нәтижесінде, 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент реформасына қатысты азаматтардан түскен ұсыныстарды қорытындылап, алдағы өзгерістердің жалпы тұжырымдамасын ұсынды.

Академиялық орта өкілдері Жаңа Конституцияның 3-бабының 2-тармағы адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде танитындығына оң пікірлер білдіруде. Ғалымдар жоғары білімді ұлт қалыптасса елімізде экономикалық өркендеу, әлеуметтік әл-ауқат, саяси әділет, тұлғалық даму болашақтың еншісінде деп ойлайды. Білімі төмен ұлтта ештеңе болмайды. Жаңа Конституцияның жобасында көрсетілген стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру жастардың еншісінде, жастар өздерінің азаматтық таңдауларын жасауға мүдделі.


58