Алғаш
рет Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы (BLCU Kazakhstan)
қабырғасында Қытай елінің
Жаңа жылына арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. 2026 жылдың 18 ақпанында филиалымыз жергілікті қытайтанушыларды, студенттерді,
оқытушыларды және құрметті қонақтардың басын біріктірген мерекелік алаңға айналды,.
Іс-шара
жылы әрі салтанатты атмосферада өтті. Мерекеге AIU вице-президенті Абдрахманов
Қайрат Амангелдіұлы қатысты. Қатысушылар қатарында Астана халықаралық
университетінің экономика және бизнес бағыты бойынша UIBE университетімен
бірлескен қосдипломды бағдарламасының студенттері, BLCU Kazakhstan студенттері,
NU Chinese Club өкілдері, сондай-ақ Қарағанды қаласынан келген Е. А. Бөкетов
атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің және Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің өкілдері болды.
Бағдарлама
аясында қатысушыларға Қытайдағы ең басты дәстүрлі мереке - Чуньцзе, яғни Көктем
мейрамының мән-мағынасы түсіндірілді. Бұл мереке жаңаруды, отбасы бірлігін және
жаңа жылдың басталуын білдіреді. Қытай Жаңа жылының дәстүрлерімен танысу
қонақтарға қытай халқының мәдени құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бағдарламада
Қазақстан мен Қытай арасындағы достық тақырыбына ерекше назар аударылды.
Қытайлық қонақтарға құрмет белгісі ретінде қазақтың ұлттық өнері ұсынылды.
Сахнада NU Orchestra өнер көрсетіп, ал BLCU Kazakhstan қосдипломды
бағдарламасының студенттері қазақ және қытай мәдени элементтерін үйлестірген
«екі халықтың достық биін» орындады.
BLCU
Kazakhstan-та өткен Қытай Жаңа жылын мерекелеу Қазақстан мен Қытай арасындағы
берік байланыстарды айқындайтын маңызды мәдени оқиғаға айналып, білім беру және
жастар бастамаларының екі ел арасындағы өзара құрмет пен ынтымақтастықты
нығайтудағы рөлін айқын көрсетті.








