2026 жылғы 13 ақпанда «AP26100031 – Халықаралық медиациялық хаб:
қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу және ядролық қарусыздану құралы
ретінде (Қазақстан және шетелдік тәжірибе)» жобасының ғылыми қызметкері,
заң ғылымдарының кандидаты Астана халықаралық университетінің өкілі
Иржанов А.С. «Татуласу орталығының» тәжірибелі медиаторларымен жұмыс
кездесуін өткізді.
Кездесу барысында халықаралық медиацияны дамытуға қатысты өзекті
мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Қазақстан Республикасының
заңнамасындағы халықаралық медиацияны нормативтік-құқықтық реттеу
мәселелеріне, сондай-ақ ұлттық деңгейдегі құқық қолдану практикасын
талдауға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды,
медиативтік қызметті жетілдіру жолдарын, сондай-ақ озық шетелдік
тәжірибені енгізу перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, медиаторлар
медиация саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру және дауларды
баламалы шешу тәсілі ретінде медиацияны кеңінен насихаттау бойынша
нақты ұсыныстарын білдірді.
Жалпы алғанда, кездесу конструктивті сипатта өтіп, ғылыми
қауымдастық пен тәжірибелі мамандар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды
нығайтуға ықпал етті.


