13 ақпан 2026 жылы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында
университетімізде «Жеке бас бостандығы құқығы: құқықтық негіздер және зорлық-
зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс
өткізілді.
Дәрісті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Курманбаев Бауыржан
Мухамедканович, Құқық Жоғары мектебінің өкілі оқыды.
Дәріс барысында жеке бас бостандығына қатысты конституциялық кепілдіктер,
зорлық-зомбылық, қудалау (сталкинг), сондай-ақ некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық және
әкімшілік жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жеке тұлғаның
құқықтарын қорғаудың заманауи әдістері, өз құқығыңды қорғай алу тәжірибесіне және
заңнамадағы өзекті өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы тарапынан үлкен
қызығушылық тудырып, құқықтық мәдениетті арттыруға және кез келген зорлық-
зомбылық пен адам құқықтарының тапталмауын қалыптастыруға
ықпал етті.


