«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ІС ЖҮЗІНДЕ: ҚР ҚК 115-1-БАБЫ БОЙЫНША СТАЛКИНГКЕ ҚАТЫСТЫ АШЫҚ СОТ ОТЫРЫСЫ»

2026 ж. 16 ақп., дс, 12:02

Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің студенттері «Заң және

тәртіп: сталкинг үшін құқықтық негіздер мен жауапкершілік» қағидаты аясында ашық сот

отырысына қатысты.

Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексінің 115-1-бабы бойынша (сталкинг үшін жауапкершілік) қаралған қылмыстық істің

сотта қаралу тәртібімен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер сот

төрелігін жүзеге асыру механизмін, судьяның, прокурордың және қорғаушының рөлін,

сондай-ақ осы санаттағы істер бойынша дәлелдемелерді зерттеу ерекшеліктерін көрді.

Ашық сот отырысына қатысу болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығында маңызды

тәжірибелік қадам болды. Мұндай форматтағы оқу құқықтық ойлауды қалыптастыруға,

талдау қабілеттерін дамытуға және заң үстемдігі мен жазаның бұлтартпастығы

қағидаттарын терең түсінуге ықпал етеді.

Нақты сот процесіне қатысу студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып,

құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастырады, әлеуметтік

жауапкершілігін күшейтеді. Құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіну жастар

арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді құралы болып табылады.

Құқық жоғары мектебі теориялық білім мен практиканы ұштастыру арқылы

бәсекеге қабілетті, кәсіби және жауапты мамандар даярлау жұмысын жүйелі түрде

жалғастыруда.


60