AIU жаһандық стратегиялық бастамалардың орталығы!

2026 ж. 3 ақп., сс, 10:56

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді Орталық Азиядағы басты цифрлық және зияткерлік орталыққа айналдыруды міндеттеді. Бұл мақсатқа жету үшін білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру басты парызымыз.

 

Осыған орай, Астана Халықаралық Университеті (AIU) Қазақстан мен әлемнің ірі ғылыми орталықтары арасында алтын көпірге айналып отыр.  Мұның айқын дәлелі ретінде 2026 жылдың 2-ақпанында университет қабырғасында өткен CFive тәуелсіз платформасының ресми іске қосылуын айта алмыз. Американың беделді «Atlantic Council» және «Caspian Policy Center» ұйымдарымен бірлесіп құрылған бұл жоба университетті жаһандық саясат пен академиялық білім тоғысқан стратегиялық орталыққа айналдырмақ.

 

Платформа аясында өткізілген «Central Asia 2030: Strategic Horizons and Regional Choices» атты форумға мемлекеттік органдардың басшылары мен шетелдік дипломаттар жиналып, Орталық Азияның 2030 жылға дейінгі даму жоспарын талқылады. Жиынға қатысқан мәртебелі қонақтардың қатарында:

 

·        Еркин Тукумов – ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі;

 

·        Зульфия Сулейменова – Сыртқы Істер Министрлігі, Қазақстанның стратегиялық бастамаларына жауапты Елші;

 

·        Ааро Илитало – Еуропалық Одақ өкілі;

 

·        Самуэль Миллс – Ұлыбритания Саяси және коммуникация бөлімінің басшысы;

 

·        Беатрис Муньос Гонсалес – Испания дипломатиялық миссия басшылығынң орынбасары;

 

·        Элиас Оппенридер – Германия Федеративтік Республикасының бірінші хатшысы;

 

·        Искандер Акылбаев – CFive платформасының төрағасы;

 

Сондай-ақ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Бенилюкс сауда палатасы және АҚШ-тан келген халықаралық сарапшылар болды.

 

Басты тақырып – Орталық Азияның болашағы және ондағы елдердің өзара қарым-қатынасы. Мамандар «Траснкаспий дәлізі» (Middle corridor) жобасын ортаға салды. Бұл инфрақұрылым еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты өсуі үшін қажет. Былтыр Орталық Азия елдерінің кеден және цифрлық жүйелерді бірлесіп дамытуда үлкен жетістікке жеткені айтылды.

 

Аталмыш дискуссияда АҚШ азаматтары Орталық Азияны өз мүддесі мен күші бар дербес одақ ретінде көретіндерін жеткізді. Болашақта АҚШ пен Еуропадан үлкен көлемде инвестиция тарту үшін пайдалы қазбаларды өндіру және жолдарды дамыту бойынша нақты жұмыстар атқаруымыз керек.

 

Университет қауымдастығы үшін CFive-тың пайдасы орасан зор. Студенттеріміз енді тек оқулықпен шектелмей, Вашингтон мен Астананың үздік мамандарымен бірге халықаралық жобаларға қатысып, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді өз көзімен көріп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады. Осылайша оқу ордамыз тек қарапайым маман даярлап қана қоймай, еліміздің болашағын құратын, заманға сай келешек ұрпақты тәрбиелеп жатқанын тағы да дәлелдеді.

 


109