«Заң мен Тәртіп» қағидасы. AIU студенттері Мәжіліс жұмысымен танысты

2026 ж. 30 қаң., жм, 12:43

2026 жылы 29 қаңтар күні университетіміздің Құқық жоғары мектебінің студенттері ҚР Парламент Мәжілісінде болды.

 

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары болашақ заңгерлер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырған.

 

Танымдық сапар барысында депутат Құспан Абзал Темірғалиұлы студенттермен заң шығару ісінің қыр-сырымен бөлісіп, еліміздің құқықтық жүйесіндегі реформалары туралы дәріс оқыды.

 

Мұндағы басты мақсат Мемлекет басшысы алға қойған «Заң мен Тәртіп» қағидасын іс жүзінде насихаттау. Осылайша жас мамандардың құқықтық сауаттылығы артып, мемлекеттік басқару жүйесін тереңірек түсінуіне жол ашылады.

139