ЮНЕСКО-ға
қарасты «Әлем естелігі» (Memory of the World) бағдарламасы сарапшыларының сөзінше
мәдени мұраны сақтап қалу үшін оны цифрландыру керек. IT-шешімдерді белсенді
енгізу - қазіргі таңдағы мәдени дипломатияның басты талабы.
Осы
орайда 2026 жылы 28 қаңтарда университетімізде Түркі мәдениеті мен мұрасы
қорының делегациясы қонақ болды. Түркі халқы мұрасын әлемдік деңгейде сақтау —
қордың басты мақсаты болса, міндетіне тарихи жәдігерлер туралы ғылыми
зерттеулерді қолдау және оларды қорғауды жатқызамыз. Еске сала кетейік, 2023
жылы Елордамызда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммиті өтті.
Осы
стратегиялық бағытты іске асыру аясында университетіміздің Президенті Серік
Ирсалиев пен аталмыш қордың басшысы Ақтоты Райымқұлованың арасында ауқымды
диалог өтті. Пікірталаста Astana HUB және «НИТ» АҚ технологиялық көшбасшылары,
сондай-ақ Астана Халықаралық университетінің IT және инженерия жоғары
мектебінің профессорлары мен IT департаментінің қызметкерлері қатысты.
Қор
басшысы тарихи мұраны дәріптеу жолындағы жаһандық бастамалармен таныстырып
өтті. Бұл гуманитарлық жобаға Astana HUB өз стартаптарын қолдануды ұсынса,
«НИТ» АҚ AlemGPT ұлттық нейрожеліні енгізуге дайын екенін білдірді. Ал
біздің университетіміз бұл жобаға академиялық ресурсын толықтай жұмылдыруға
әзір. Мұндай цифрлық өзгерістер келешек буын үшін терең тарихымызды қолжетімді
ететіні рас.
Кездесу
нәтижесінде жақын арада ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол
қою жоспары бар. Бұл шешім халықаралық Қор мен университет және
IT-құрылымдардың күш-жігерін түгелдей біріктіретіні сөзсіз.









