ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ: ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ САЙЫНДЫҚ ДӘРІСІ

2026 ж. 29 қаң., бс, 10:33

2026 жылғы 28 қаңтарда «Менеджмент апталығы» аясында Экономика жоғары мектебінің «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін сайындық дәріс-экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара CENTRAL ASIA COATINGS SHOW халықаралық салалық көрмесінің базасында өтіп, оқу үдерісін практикалық тұрғыда толықтырған маңызды алаңға айналды. Бұл бастаманы ЭЖМ-нің PhD, қауымдастырылған профессоры Насырова А.М. және магистр, аға оқытушы Нурсултанова К.Р. ұйымдастырып, студенттердің заманауи нарықтың нақты жағдайларымен тереңірек танысуына мүмкіндік жасады.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Инновацияларды басқару және логистикалық менеджмент: салалық көрме – Орталық Азиядағы өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін драйвер» болды. Экскурсия барысында қатысушылар өнеркәсіптік компаниялар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін, логистикалық тізбектерді құру ерекшеліктерін және технологиялық жаңалықтарды ілгерілетудегі мамандандырылған алаңдардың рөлін зерттеді. Студенттер менеджменттің теориялық негіздерінің халықаралық деңгейде тиімді бизнес-шешімдерге қалай айналатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Мұндай сабақтарды өткізу "Тұрақты даму мақсатының" (ТДМ) 9 пунктіне сәйкес – «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарын іске асыруға тікелей ықпал етеді. Көрме алаңында озық тәжірибені зерделеу болашақ мамандарға өңірді индустрияландыру үшін орнықты инфрақұрылымды дамыту мен инновацияларды енгізудің маңызын түсінуге көмектеседі. Осылайша, экономика жоғары мектебі практикалық бағыттағы оқыту тәсілін жүйелі түрде енгізе отырып, студенттерде Орталық Азиядағы технологиялық прогресс пен өнеркәсіпті жаңғыртуды қолдауға қажетті құзыреттерді қалыптастыруды жалғастыруда.


89