2025 жылғы 23-26 желтоқсан аралығында «AP26100031 - Қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу және ядролық қарусыздандыру құралы ретінде халықаралық медиациялық хаб: Қазақстан мен шетел елдерінің тәжірибесі» ғылыми жобасының кіші ғылыми қызметкері, Astana International University қызметкері Сұлтан Панов Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласына қызметтік іссапармен барды.
Іссапар аясында Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы базасында Қырғызстанның академиялық қауымдастығы өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Кездесулер барысында халықаралық медиацияның дамуы, оның қақтығыстардың алдын алу және оларды бейбіт жолмен реттеудегі маңызы, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанда медиациялық тетіктерді қолдану тәжірибесі жан-жақты талқыланды.
Іссапар қорытындысы бойынша тараптар ғылыми және кәсіби ынтымақтастықты алдағы уақытта жалғастыруға қызығушылық білдірді. Бұл іссапар халықаралық медиация саласындағы ғылыми өзара іс-қимылды кеңейтуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
