2025 жылғы 15 желтоқсанда Астана халықаралық
университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым комитетінің Ботаника және фитоинтродукция институтының (Алматы қ.)
қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Іс-шара АР19679078 «Қазақстанның аридті флорасының
реликттік генофондын сақтау мақсатында солтүстік-шығыс Бетпақдаланың экотондық
аумағының түрлік әртүрлілігін зерттеу» гранттық жобасын іске асыру аясында
ұйымдастырылды. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігі Ғылым комитетінің Ботаника және фитоинтродукция институты тарапынан
жүзеге асырылуда.
Семинар Жаратылыстану
ғылымдарының жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері,
магистранттары мен докторанттары үшін ұйымдастырылып, Қазақстанның аридті
аймақтарындағы ботаникалық әртүрлілік, экология және сирек әрі реликтті өсімдік
түрлерін сақтау мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.
Шарада Жаратылыстану ғылымдарының
жоғары мектебі деканының орынбасары Жұмағұл М.Ж. және NatureLab зертханасының
ғылыми қызметкері Тұстубаева Ш.Т. жүргізді.
Семинар барысында солтүстік-шығыс Бетпақдаланың
негізгі ботаникалық аумақтары, өңір флорасының сирек және эндемик түрлері,
соның ішінде Allium lehmannianum Merckl. ex Bunge, реликтті түрлердің қоршаған
орта жағдайларына экологиялық бейімделу ерекшеліктері, сондай-ақ
солтүстік-шығыс Бетпақдала флорасындағы Rosaceae тұқымдасының түрлік
әртүрлілігіне арналған баяндамалар ұсынылды.
Өткізілген ғылыми семинар ведомствоаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу нәтижелерімен алмасуға және білім алушыларды ботаника мен биоалуантүрлілікті



